Революцияның тарихы: Қазақтар мен мұсылмандардың рөлі
Оларды алдап, арбап, арамдық пен жауыздықты қолдана отырып, бір-біріне қарсы айдап салып отырған байлар, сұлтандар мен билер, патша шенеуліктері мен либералды интеллигенция. Еңбекші халықты қанап отырған қаңышерлер. Егерде сізге революцияда қазақтар болмаған десе - сенбеңіз, өтірік. Егерде сізге революцияда мұсылмандар болмады десе, сенбеңіз. Егерде сізге революция салт-дәстүрді аяққа басты, біздің тілімізбен мәдиниетімізді құртты десе, сеңбеңіз. Егерде революцияны орыстар жасаса, неге қазақ даласында революцияның көсемдерінің барлығы дерлік қазақ? Жангелдин, Иманов, Рысқұлов, Бокин, Сейфуллин, Тореқұлов, Қожанов, Утепов, Алманов. Бұл кісілер өз қаның аямай, өз жаның аямай жаңа, егеменді, адам адамды қанамайтын мемлекет құру жолында күресті. Ал қәзір олар ұмытылды. Ұмытылмаса, керсінше Сейфуллин сияқты қараланып, иконаға айналды. Революция жауларының қатарында қазақтар да көп болды. Бірақ еңбекші халықтың қатарынан емес, өз халқы мен елін сатқан және сатқан “зиялы қауым” қатарынан. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Тынышпаев, Бірімжанов және т. б. Ақтардың жағына өтіп, өз халқының азаттығы мен бостандығана қарсы, шовинист-орыстардың астында автономия болу үшін күресті.
Егерде революция қатарында мұсылмандар болмады, керсінше мұсылмандарды қырып салса, онда осы біздің Алматыда, яғни ол кездегі Верный қаласында, «Біріккен мұсылман жұмысшылар Одағы» атты революциялық үйым қайдан пайда болды? Немесе көбіне ұйғыр-қазақ(яғни мұсылмандардан) жұмысшыларынан тұратын «Жаркент кәсіби одағы» қайдан пайда болды? Егерде билікке келген Кеңестер, яғни біздің өзіміздің, қазақтардан және де басқа жергілікті халық өкіледерінен тұратын органдар, халықтың дәстүрін жоққа шығарып, тілімен мәдиниетін жойған болса, неге ҚазақКСР-ында қазірден де қазақша кітап шығарылды, жүздеген халықтан шыққан ақын-жазушы болды? Неге мемлекеттік ән-ұран қазақ тілінде болды? Неге ҚазақКСР-інде жергілікті киноиндустрия болды? Осының бәрің «құрғыр» Кеңестер жасады.
Оян қазақ. Ойлан қазақ. Жұз жыл бұрынғы оқиғалар қайта келуде. Бай-шенеуліктер ұлт бойынша бөлінбей, керсінше бірігіп, біздің елімізді, біздің жерімізді тонауда. Сен болсаң, қазақ, олардың арбауына сеніп, жау ретінде өзіндей орысты, не ұйғырмен өзбекті көресін. Терең ойлан.
https://vk.com/wall-195469004_58294
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы/ Қызыл Отау Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта